Техникалық көрсеткіштер
30 жобадан астам орындалды
31 000 м2 салынды
5 800 м3 ТББ өндірілді
Штат 30 қызметкерден тұрады
Мерзімдер бойынша көрсеткіштер

Астана қаласындағы "Атырау" көпірі:

9 айдың орнынан небәрі 5 айда

Көктөбе сити бойынша бас мердігерлік жұмыстар 2-ші кезек:

24 айдың орнына 18 айда

Экономикалық көрсеткіштер

Астана қаласындағы "Атырау" көпірі:

1 640 млн.тг бюджет кезінде 960 млн. тг

Жасыл Квартал:

460 млн.тг бюджет кезінде 210 млн.тг

Компания туралы

Компанияның негізі 2006 жылы құрылған. Біз өзімізді азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласында сапалы шешімдерді ұсынатын сенімді серіктес ретінде көрсете білдік. Біз тұрғын және коммерциялық кешендердің, көпірлердің, инженерлік құрылыстар мен желілердің құрылысы, қайта құрылымдау және жөндеу секілді күрделі жобаларды іске асырамыз, сондай-ақ темірбетон бұйымдарын өндірумен айналысамыз. Біз өз клиенттерімізге құрылыстағы идеяларын тиімді жолмен нақты іске асыруға көмектесеміз.

Біз қоршаған ортаны қорғауда барынша ат салысамыз және жалпы табыстағы әрбір қызметкердің үлесін жоғары бағалаймыз. Біз біліктілігімізді тұрақты жетілдіріп отырамыз және құрылыс нарығында елеулі ұстанымдарға қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз команданың кәсіби дағдыларын тұрақты жақсартып тұрамыз, корпоративтік мәдениетті дамытамыз және беделімізді жоғары деңгейде ұстаймыз.

Біздің команда Қазақстанның құрылыс қызметтерін көрсету нарығында 10 жылдан астам уақыт бойына белсенді қызмет етіп келеді. Осы кезең ішінде біз көптеген азаматтық және өнеркәсіптік мақсаттағы маңызды объектілерді салдық, олардың ішінде:

Осы жылдар ішінде біз компанияның табысының – бизнес процестерді жетілдіруге бағытталған инженерлік-техникалық команданың біліктілігі және операциялық шығындарды тұрақты оңтайландыру екендігіне талай рет көз жеткіздік. Қазіргі таңда нарықта икемді, ресурстар шығынын қысқарту тәсілдерін табатындар, демек жұмысты жылдамырақ, сапалы және тиімдірек жасайтындар қалады. Біздің команда жоғары біліктілікке қол жеткізуге ұмтылатын салаларда менеджерлік тәртіпке және қолданбалы дағдыларға оқытылады, тәжірибемен белсенді бөліседі. Бұл заманмен қатар жүруге және Клиенттің өсіп отырған сұранымдарына сай келуге мүмкіндік береді. Клиент жиі мердігерді таңдау кезінде жасырын, ілеспе шығындарға көңіл бөлмейді және осының салдарынан жиі қайта жөндеулерге тап болады және жоспарланбаған шығындарды көтереді. Біз өз Клиентіміздің мүддесін қорғауға тырысамыз және жұмыс барысын оңтайландыруға мүмкіндік беретін шешімдерді іздеумен және кеңес берумен көмектесеміз. Бізге әрбір Клиент қымбат!

Біз өзімізді Қазақстандағы құрылыс саласының көшбасшысы ретінде көреміз және 2020 жылы халықаралық құрылыс нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Сайтты әзірлеу - EMOTIONS GROUP